Майами әуежайында Boeing 767 апатқа ұшырады: бес адам қаза тапты

Майами әуежайында Boeing 767 апатқа ұшырады: бес адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында жүк тасымалдайтын Boeing 767 ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті. Салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Amazon Prime Air рейсін орындауға дайындалып жатқан жүк ұшағымен болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам зардап шеккен.

Майами-Дейд округінің басшысы Даниэлла Левин-Кава баспасөз мәслихатында адам шығыны туралы мәліметті растады.

«Бес адамның қаза тапқанын және тағы бес адамның жарақат алғанын білеміз», – деді ол.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген.

Әуежайдағы рейстерге шектеу қойылды

АҚШ Көлік министрі Шон Даффидің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) тексеріп жатыр.

«FAA тергеу жүргізу үшін инспекторларын жіберді», – деп жазды министр X әлеуметтік желісінде.

Оқиғадан кейін Майами халықаралық әуежайынан ұшып шығуға уақытша шектеу енгізілген. Шон Даффи жолаушыларға рейстердің ұзақ уақытқа кешігуі мүмкін екенін ескертті.

Куәгерлердің айтуынша, ұшу-қону жолағынан шығып кеткен әуе кемесінен қою түтін көтерілген.

Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалықтар