"Мамаңды люблю"деп Тұрсынбек Қабатов қызына видео жолдаған

"Мамаңды люблю"деп Тұрсынбек Қабатов қызына видео жолдаған

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айымға жолдаған видеосы жұрттың назарына түсіп, екіұдай ойға қалдырды деп жазады Democrat.kz.

Видеода Тұрсынбек Қабатов: "Айым, айокам, жаным сол, сағынып кеттім сені. Сені ауырып қалды дегенде, уайымдап кеттім. 

Сені қатты жақсы көремін. Папа сені қатты жақсы көреді. Папа сені де, Әдемі, Лөлөшка, Нуну, Райымбек бәріңді қатты жақсы көремін. 

Ауырмаңдар. Сендедің бәріңді қатты жақсы көремін. Мамаңды да қатты жақсы көремін, люблю" дейді. 

Айым Тұрсынбекқызының ТикТоктағы парақшасында жарияланған бұл видеоға жұрт сүйсініп, "Тұрсынбек өз отбасына оралып, баяғыдай бақытты болсыншы" деп тілектерін білдіруде. 

 

Барлық жаңалықтар