Маманың баласымын» деген Отарғалиев оңбай сөз естіді

Маманың баласымын» деген Отарғалиев оңбай сөз естіді

Жахан Отарғалиев өзін қаралайтындарға жауап берді, деп жазады Democrat.kz.

«Мен мамамның баласымын. Кесіп алыңдар! Мен папамның баласымын, олардың айтқанын тыңдаймын. Маған кім не дейді, қандай пікір жазады қызық емес. Себебі олар ертең болмай қалатын болса, не істеймін? Қалай өмір сүремін?» – деген актер көпшілікті бос уақытын әке-шешесінің қасында өткізуге шақырды. 

Бұдан соң Жаханды жақтағандар мен қатар даттағандар да табылды. 

«Ананың қадіріне жеткен ұл отбасын да алып жүреді», «Біз де отырайық «папина дочамын», «мамина дочамын», солардың айтқаны заң деп. Не болады сонда?», «Дұрыс нағыз еркек әке-шешесімен бірге болады, қатындар қайда барса, онда барсын», «Мен де баламды жақсы көремін, аман болса сол үлкен сый. Мамам деп өз өмір жолын менімен байлап, шектемесе деймін. Сіз бүкіл өміріңізді байлап тастағандайсыз. Шексіз сүй, бірақ байланумен шектеп қажет емес сияқты», – деп Жаханға шүйліккендер де  болды.

(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар