Маңғыстауда әскери техника тиелген пойыздар жұртты шошытты

Маңғыстауда әскери техника тиелген пойыздар жұртты шошытты

Түнгі уақытта Маңғыстау облысы аумағындағы Боранқұл теміржол станциясы маңында әскери техника тиелген жүк пойызы байқалғаны туралы бейнежазба тарады деп хабарлайды Democrat.kz. сайты kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап.

Кадрлардан теміржол платформаларына шынжыр табанды өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар тиелгенін көруге болады. Сыртқы белгілеріне қарағанда, олар 2С1 “Гвоздика” гаубицаларына ұқсайды.

Сондай-ақ армиялық жүк көліктеріне орнатылған БМ-21 “Град реактивті залптық оқ ату жүйелері де байқалады.
Видео әлеуметтік желілерде тез таралып, өңір тұрғындарының арасында түрлі сұрақ туғызды. Кейбіреулер техниканың келуін алда өтетін референдуммен байланыстыра бастады.

Ал ҚР Қорғаныс министрлігі бұл жағдайға түсініктеме беріп, әскери техниканың орын ауыстыруы жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, техника Маңғыстау облысы аумағындағы полигондардың біріне артиллериялық бөлімшелердің оқу-жаттығу сабақтарын өткізу үшін жіберілген.

Барлық жаңалықтар