"Маңғыстаудағы бүкіл әкімді ауыстыру керек!"деген қоғам белсендісі аймақтағы сұмдық жайтты сөз етті

"Маңғыстаудағы бүкіл әкімді ауыстыру керек!"деген қоғам белсендісі аймақтағы сұмдық жайтты сөз етті

Маңғыстау облысында екі бірдей әкімнің орынбасары есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген деп жазады Democrat.kz.

Осы мәселеге қатысты қоғам белсендісі Президент Тоқаевқа өтініш жасап, видео жариялады. 

"Не масқара мынау?! Екі бірдей "замәкім" есірткі ісіне қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Осы күнге дейін жастарды өздеріне тартып, түрмеге түсуіне себепші болған осы кісілер емес пе? 

Құрметті Президент, Маңғыстаудағы бүкіл әкімдерді ауыстырыңызшы! Қаншама жастар бұзылып, құрбан болып жатыр. Сіз тағайындаған әкімдер мынадай тірлікпен айналысып жатса, басқадан не күтеміз?" Деген қоғам белсендісі есірткімен байланысы бар шенеуніктерге өлім жазасын беру керегін айтты. 

Барлық жаңалықтар