Әйелі қайтыс болған соң, арада бір апта өтер өтпес үйленген түркиялық азаматтың мәселесі май шаммен қаралуда деп жазады Democrat.kz.
Түркиялық телеарналардың біріне шағымданған марқұм Ясминнің туысы жездесі Мехметтің жаназадан соң бірден үйленіп, кенеттен байлардың қатарына кіргеніне күмәнданатынын жеткізген.
Есра Еролдың арна қызметкерлері Мехметті тауып, онымен ашық диалог құрған. Әйелі өле салып, неге бір апта ішінде үйленгенін сұраған журналистерге Мехмет:
"Әйелімді қабірге қойып жатқанда, оның мәйіті тіл қатты. "Мехмет, мені қабірге қойған соң, әрі кетсе, бір аптада үйлен. Мен саған рұқсатымды бердім. Зейнепке үйлен, бұл менің соңғы сөзім" деді.
Есімнен адастым деп, қатты қорықтым. Қаымдағы кісілердің ешбірі марқұм әйелімнің "сөйлегенін" естімеді. Менің айтқаныма ешкім сенбеді.
Әйелімнің соңғы аманатын орындайын деп бір аптадан кейін марқұмның өзі айтқан Зейнепке үйлендім. Зейнеп екеуіміз күні түні жұмыс істеп, ақшалы болдық. Енді Ясминнің туыстары соны қызғанып, маған түрлі кедергілер келтіруде" деді.
Әйтсе де, Есра Ерол арнасының журналистері зерттеу жүргізе келіп, Мехметтің түрлі қитұрқы тірліктерін әшкере етті.
Әу баста Ясминге де ақшасы үшін үйленген Мехмет әйелі өлген соң, бірден көңілдесі, ақшалы Зейнепке үйленген.
Марқұм әйелінен қалған дәулетті және жаңа әйелі Зейнептің де біраз байлығын иемденген Мехметтің мәселесін енді заң орындары тексеруде.