Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Көкқайнар ауылында жаңа волейбол және баскетбол алаңдары ашылды. Спорт нысандары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның қаржылай қолдауымен салынды. Компания жобаны жүзеге асыруға 20 млн теңгеге жуық қаражат бөлді деп хабарлайды Democrat.kz.
Спорт алаңдары С. Естемесов атындағы орта мектептің аумағында орналасқан. Олар тек оқушыларға ғана емес, ауыл тұрғындарына да арналған. Оқу уақытында мұнда дене шынықтыру сабағы өткізілсе, сабақтан тыс уақытта ауыл тұрғындары спортпен шұғылданып, бос уақытын белсенді өткізе алады.
Көкқайнар ауылының тұрғындары спорт алаңдарының салынуын көптен күткен еді. Енді ауыл балалары мен жастары ешқайда бармай-ақ, заман талабына сай жабдықталған алаңдарда волейбол және баскетбол ойнайды.
Жоба аясында алаңдардың негізі дайындалып, арнайы жабын төселді, спорттық жабдықтар орнатылып, айналасы абаттандырылды. Құрылыс жұмысы толық аяқталды.
Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Жамбыл облысы Шу ауданының әкімдігі арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.
Ауылдық елді мекендерде спорт инфрақұрылымын дамыту бұқаралық спорттың кеңінен таралуына ықпал етіп, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді. Қазақмыс үшін мұндай жобаларды жүзеге асыру – өзі қызмет ететін өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстың бір бөлігі.
Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды
Фото "Қазақмыс".
-
Қазақмыс Жамбыл облысында спорт алаңдарының құрылысын қаржыландырды10:36, 17 қараша 2026
2
-
«Ұлымды мектепте аяусыз ұрады, ал 111 қызметі үнсіз»: Анасының жанайқайы жұртты дүр сілкіндірді10:30, 17 қараша 2026
5
-
«Бәрін жасадық»: Министр Жұлдыз Сүлейменова ауыр сұраққа қатысты мәлімдеме жасады09:55, 17 қараша 2026
74
-
Ардагер ұстаз ҰҚК төрағасына ашық үндеу жасады09:30, 17 қараша 2026
96
-
"10 мың теңге": Министр сынып жетекшілердің жалақысын көтеру туралы не айтты?09:00, 17 қараша 2026
109
-
Италия Meta компаниясына 805 миллион еуро айыппұл салды18:00, 16 қараша 2026
82
-
Қазақстан мен Австрия экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады17:30, 16 қараша 2026
100
-
Орталық Азиядағы су тапшылығына қарсы халықаралық ұйым құру ұсынылды17:00, 16 қараша 2026
95
-
Екатерина Дмитриченко Мысырдағы халықаралық турнирде топ жарды16:30, 16 қараша 2026
88
-
Жібек Құламбаева Колумбиядағы WTA 125 турнирінің чемпионы атанды16:00, 16 қараша 2026
96
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты11:00, 18 қыркүйек 2026
6467
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты13:00, 17 қыркүйек 2026
6203
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады14:00, 02 қыркүйек 2026
4858
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда10:00, 10 қыркүйек 2026
4774
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?13:00, 16 қыркүйек 2026
3719
-
"Бұл масқара емес пе?": Білікті ұстаз министр Жұлдыз Сүлейменоваға өткір сауал жолдады10:00, 15 қазан 2026
3472
-
"Байлықта шалқыған": Зағипа Балиева туралы ел білмейтін деректер жарыққа шықты15:00, 15 қыркүйек 2026
3418
-
"Күйеуімнің көңілдесіне сәлем салып жүрппін" деген келіншек масқара жағдайды айтты15:00, 24 тамыз 2026
3307
-
"Олимптен түсіңіз!": Ирина Смирнова Оқу ағарту министріне үндеу жасады15:00, 10 қыркүйек 2026
3083
-
«Тоқтатпаңдар!»: Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады09:00, 12 қараша 2026
3069