"Көреміз" ток шоуына қатысқан марқұм әнші Ақжол Мейірбековтің қызы Сұлтан әкесінің соңғы аманатын айтып, әншінің дәрігерлерге қатты сенгенін баяндады деп жазады Democrat.kz.
"Папамыз өліп қалатынын ойламады. Қазақстанның дәрігерлеріне қатты сенді. Халықтан ақша жинап, шетелге апарып емдеткіміз келді.
Алайда папам "керегі жоқ, қай бетіммен аламын ол ақшаны, ұят қой" деп көнбеді.
Біздің дәрігерлер де "протоколымыз бірдей" деп сендірді.
Әкемнің соңғы сөзі "жақсы, түзу жүріңдер" болды. Он сегіз рет химиятерапиядан өтті.
Қатты қиналып, ауырып жүрсе де, сахнаға шығып, әнін айтып, барынша көңілді жүрді", дейді Сұлтан Ақжолқызы.