Марқұмның заттарын тірі адам пайдаланса не болады?

Марқұмның заттарын тірі адам пайдаланса не болады?

Әлеуметтік желіде "Емші апа" атымен тіркелген тәуіп кісі марқұмнан қалған заттарға қатысты өз білгенімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Қайтыс болған кісінің ешбір затын сақтамаңыз. Марқұмды жуған шүберек, көзін байлаған мата, үстіне жапқан кілем сияқты заттарды сақтап қоятындар бар. 

Баяғыда Ауғанстанға соғыста қайтыс болған сарбазды арнайы табытпен әкелген екі жігіт мәйітті өзіміз қоямыз деп қабірге түскен ғой.

Сол сәтте екі жігітке де табыттан бір тамшы ылғал тиген екен. Олар "мұздатқышта тұрып, суы еріп аққан" деп ойлаған екен. 

Ал шындығында еріген мәйіттен бөлінген у аққан. Сол екі жігіттің біреуі сол күні жиырма минуттан кейін, екіншісі сол күні кешке көз жұмған. Оқиға Сарыөзекте болған. 

Марқұмнан қалған ешбір затты сақтамау керек. Өлген кісінің энергетикасы тірі кісіге өтеді. Мәйіттен қалған заттардан у бөлінеді. Мүлде қолдануға болмайды" дейді емші апа. 

Барлық жаңалықтар