Әнші Медеу Арынбаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында бүгінге дейін өкінетін, өзін кешіре алмайтын сырымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Сүйікті жарымды тауып, ұлды болдым. Бұдан артық бақыт бар ма? Келіншегім екінші сәбиімізге жүкті болды.
Жастық қой, бұл сәбиіміз де ұл болады деп сеніп, күттім. Босанатын уақыты жеткенде, перзентханаға апарып, орналастырып кері қайттым.
Бір-екі күннен кейін босанады деп ойлап, достарымызбен тойлауды бастап кеттік. Әне міне, дүниеге келетін сәбиді ұл деп, тостымызды сол ұлға арнап отырғанбыз.
Бір кезде телефон шырылдады. Тұтқаның арғы бетіндегі дауыс әйелімнің босанғанын айтып, "өмірге қызыңыз келді" деп құттықтады.
Біртүрлі боп қалдым... "Жігіттер, ұл емес, қыз екен"дегенімді әлі күнге дейін кешіре алмаймын.
Қазір қызымды әр сүйген сайын сол күнгі әрекетім үшін іштей кешірім сұрай беремін" дейді әнші.