Медиумның жауабы: Марқұмның қасымызда тұрғанын қалай білеміз?

Медиумның жауабы: Марқұмның қасымызда тұрғанын қалай білеміз?

 Атақты медиум Сюзана марқұм кісінің сіздің қасыңызда тұрғанын қалай білуге болатынын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Медиумның айтуынша әруақтың қасыңызда тұрғанын төмендегідей белгілерден білуге болады:

 "Ең кең таралғаны - құлақтың шыңылдауы. Бұл дауыс неғұрлым қатты шықса соғұрлым жақын болғанын білдіреді. Одан қорқудың қажеті жоқ, себебі олар еш жамандық әкелмейді. 

 
Әруақтың жақын жерде жүргенін білудің тағы бір жолы техниканың бұзылуы. Олардың энергиясы жоғары болғандықтан техникалар бұны көтере алмайды, нәтижесінде бұзылады, немесе дұрыс жұмыс жасамайды.

Өлген адамның рухы үйде түрлі дауыс шығарғанды ұнатады. Мысалға түрлі тоқылдату, сықырлату сияқты, оған қоса олардың жақын жүргені адамды себепсіз тітіркендіруі мүмкін.

Кейде құлаққа естілетін дауыстар, яғни адамдардың есімдері, не болмаса біреу шақырғандай сезімдер де осы өлі адамдардың жақын жерде жүру ықтималдылығымен түсіндіріледі. Дәл солай біреудің тіке қарап тұрғанын сезіну де әруақтардың тірі адамдарға берген сигналы саналады" дейді Сюзана.

Барлық жаңалықтар