Медколледждегі масқара жайттар: Грантта оқитын студенттен ақша жиналған

Медколледждегі масқара жайттар: Грантта оқитын студенттен ақша жиналған

Танымал заңгер Айгүл Орынбек шымкенттік Жоғары медициналық колледждің келесі бір былығы туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Жоғары медициналық колледждегі әрбір кураторда осындай бір дәптер бар!

Кураторлар грантта оқып жатқан студенттерден оқу ақыларын жинап алған соң, осындай дәптерге тіркейді. Содан соң жиналған ақшаны қызыл сиямен қол қойып, Мырзахметова Бота өзіне қабылдап алады.

Грантта оқитын студенттерден ақша жинау махинациясы міне — осындай. Бұл жерде грантта оқитын студенттерден ақша жинағандардың барлығы қылмыстық жазаға тартылуы керек.

Әсіресе заңды білетін колледждің кадр бөлімінің меңгерушісі — Ботаның жауапкершілігі екі есе.

Кураторлар, өздеріңді қорғау үшін мына дәптерді бермеңдер, өздеріңде сақтаңдар.

Ертең ақшаны жинаған сендер деп, сендерді кінәлі қылып шығара салады. Қазірдің өзінде бүкіл гранттағы студенттер “ақшаны кураторға бердік” деп жауап беріп жатыр. Ертең ақша жинаған адам жауапкершілікке тартылады.

Ал кураторлар бұл ақшаны тікелей Мырзахметова Ботаға өткізген.

Соңында қылмыстық жауапкершілікке Бота тартылады. Себебі ақшаны қол қойып алған — Бота!

Сурет Ербакиева парақшасынан алынды" деп жазды Айгүл Орынбек.

Барлық жаңалықтар