"Мектеп директоры дегенді мүлде алып тастау керек", дейді белсенді ұстаз

"Мектеп директоры дегенді мүлде алып тастау керек", дейді белсенді ұстаз
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп директорлары қызметінде тек екі жыл ғана отыруы керегін айтқан болатын. Осыған қатысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер айтылуда деп жазады Democrat.kz. 
 
Белсенді ұстаз Айман Сағидулла министрдің айтқан ұсынысына қатысты өз пікірін білдіріп, оған қарсы болып жатқандарға таңданысын да білдірді.
 
"Мына мәселеге қарсы болып жатқандар бар екен.
Неге қарсы боласыздар?
Мұғалімдерді қысымға алып жатқан директор көп.
 
Мектепті жекеменшігіндей көреді көбі.
Директормен соттасқан мұғалімдер көп.
Мұғалімдер әбден шаршады.
 
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! Сізді қолдаймын!
Кім не десе де осы мәселені соңына дейін апарыңызшы.
ҚОЛДАЙМЫН!
 
Қарсы болатын директорлар мен директорлардың туыстары болар.
 
Мүлдем директор дегендер болмаса екен. Мен соны армандаймын. Атын да затын да ауыстырып тастау керек"дейді Айман Сағидулла. 
Барлық жаңалықтар