Мектеп ремонтына мұғалімдер миллиондаған ақша жинаған?

Мектеп ремонтына мұғалімдер миллиондаған ақша жинаған?

Түркістан ауданы, Келес ауданы, Алпамыс батыр ауылындағы Бейімбет Майлин атындағы мектепке қатысты өткір сұрақтар туындап отыр деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы танымал журналист Ләззат Асанова өзінің желідегі парақшасында жазып, хабарлады.

"Бізге жеткен мәлімет бойынша, мектеп директоры бұл білім ордасын жиырма жылға жуық уақыттан бері басқарып келеді. Алайда екі қабатты мектепті жөндеуге бар-жоғы 8 банка сапасы төмен бояу берілгені, ал мұғалімдердің бояуды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болғаны айтылады.

Бұдан да сорақысы – ұстаздардан «мектеп сметасына» деп бір жолы 400 мың теңге, екінші рет 800 мың теңге, яғни жалпы 1,2 миллион теңге жиналғаны туралы мәлімет бар.

Сонда мемлекеттік мектептің жөндеуіне ұстаздар неге ақша жинауы керек?

1,2 миллион теңгені жинауға кім тапсырма берді? Қаражат кімге тапсырылды және қайда жұмсалды? Оның қаржылық есебі бар ма? Мектеп жөндеуіне бюджеттен қанша қаржы бөлінді?

Егер бұл деректер расталса, Келес аудандық білім бөлімі осы уақытқа дейін неге шара қолданбаған?

Жиырма жылға жуық директорлық қызмет, тозығы жеткен мектеп және мұғалімдерден жиналған ақша. Енді осының есебін кім береді?

Құзырлы органдар аталған деректерді жан-жақты тексеріп, қоғамға нақты жауап беруі тиіс", - деп жазған Ләззат Асанова мектептегі жағдай бойынша видео да жариялады.

Барлық жаңалықтар