Бүгіннен бастап Қазақстанның мектептері мен колледждерінде "Заң және тәртіп" жобасы аясында құқықтық мәдениет сабақтары өткізіле бастайды деп хабарлайды Democrat.kz.
Әзірге жаңа бастамамен 1000 оқу орны қамтылды, ал болашақта — мұндай сабақтарды бүкіл оқу орындарында енгізу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде пилоттық жоба Алматы облысының Талғар ауданында өткізілген. Онда жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының күрт төмендеуі тіркеліпті.
Бұл сабақтарды құқық қорғау органдарының тәжірибелі мамандары өтеді. Қазірдің өзінде 600-ден астам тәжірибелі мамандар осы жоба негізінде дәріс беруде.
Сабақтар кем дегенде екі аптада бір рет өтеді. ҚР Оқу ағарту министрлігінің мәліметінше, Талғарда осы жоба іске қосылғаннан кейін мектептегі буллинг (қорқыту) деңгейі 18% - ға төмендеген, ал "қиын" жасөспірімдер саны үштен бірге дейін қысқарыпты.
Жоба қазір Қарағанды (190), Павлодар (110) облыстарында және Шымкентте (100) ең көп оқу орындарын қамтып отыр.