"Мектепті белсенді, блогер ұстаздардан тазарту керек!" деген журналист үндеу жасады

"Мектепті белсенді, блогер ұстаздардан тазарту керек!" деген журналист үндеу жасады

Журналист Мөлдір Нұрман әлеуметтік желіде, қоғамда белсенділік танытып, блогерлікті қатар алып жүрген педагогтарға қатысты өз пікірін білдіріп, мәселе біраз талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.

Мөлдір Нұрман өзінің желідегі парақшасында: "Мектептерді ұлағатты ұстаз атына сын келтіріп жүрген блогер мұғалімдерден тазарту керек! Мектептерге блогерлер керек емес, ұстаз керек!" деп жазды

"Бәріне дәлел бар бізде, аты-жөндерін де білеміз, белсенді типа ұлағатты ұстаздарды, әдебі біліміне, білімі әдебіне жетпейтін қандай ұстаз ол? Сондайлар ұстаздардың қадірін кетіріп жатқан. Ал, ұрпақ ше соларға қарап білім алу керек пе, әлде бәлеқор блогерлікті үйрену керек пе? Ондай белсенділерден мектептер азар да безер боп жүр. Сырттан шабатын блогерлер аздай, іштен шыққандары сұмдық екен. Одан да белсенділікпен бала оқытып, өзінен оздырып, әлемдік олимпиадаларда оза шабатын оқушыларды тәрбиелесін", - дейді Мөлдір Нұрман.

Журналистің бұл жазбасын қолдаушылар да жоқ емес. "Міне, биылғы сөздің алды!", "кереметсіз!", "Жеке мүддесінің пайдасына үшін жүргендерді бірінші кезекте жауапқа тартылсын!", "өте дұрыс" дегенге саятын пікірлер жазып жатқандар бар.

Барлық жаңалықтар