Екі күнне бері әлеуметтік желіде МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевке қатысты толассыз сыни пікірлер жазылып, қызу талқылануда деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде "Сәкен Майғазиевті дұрыс адам деп ойлап жүрсем, ақшадан өлген адам екен ғой" деген бір ғана сөйлемнің асты Майғазиев туралы пікірге толды.
"Ұлының тойының тікелей эфирын сатып, қайтыс болған актердың асында мобилографымен барып "мен бәрін танимын, бәрімен амандаса аламын, менің бәрінің алдында абыройым бар" дегенді көрсеткісі келген адамнан басқа не күтесіз? Жасандылық деген ол кісінің екінші аты ғой"
"Мейрамбектің арқасында жүрген біреу ғой. Іші тар, Базарбаевты музарттан куып, өз туысын алған, түк дарыны жоқ буйрабасты. Кайнар Алагозовты да куган, өзі айтып еді"
"Шымкент наурыз тойындағы ақшаның есебін сол күйі жоқ қылды ғой, бастық болып жүргенде..."
"Шымкенттегі ақшаны жоқ қылғаны бар, соны айтқаным үшін жалап жапты деп сотқа бергені тағы бар мені. Мен айтып шықтым осыны, артынан есепшісі қамалды 80 млн пара беріп. Ал оны ұйымдастырған Сәкен екенін білемін, бірақ дәлелдей алмаймын. Алла алдында жауап берер"


