Ақын Дәнел Тұрысбеков продюсер Баян Алагөзованың актриса Меруерт Өтекешоваға жасаған ерекше сыйлығы үшін қатты тебіреніп, төгілтіп жыр арнады деп жазады Democrat.kz.
Ақынның әлеуметтік желіде жариялаған өлеңіне жұрт толассыз алғыс айтып, Баян Алагөзова мен Меруерт Өтекешоваға игі тілектерін жаудыруда.
Қыз Жібек пен Баян сұлу
Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!
Комзол жайлы жарыса жаздың жұртым,
Жақтыртпай кейбіреуің хайып қудың
Шын көңіл мен пейілін білмей тұрып
Не керегі бар екен айыптаудың
Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!
Меруерттей апамызға шапан жаптың,
Құлағына бриллиант-алтын тақтын!
Пәтер жалдап тұрады дегенді естіп,
Берекесін келтірдің шаңырақтын!
Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!
Үлгі алыңдар ерлерім, аруларым,
Үлкендерді сыйлаған бауырларым!
Кішілерге ізетін көрсететін,
Аллам қолда қазақтың ұл-қыздарын!
Қыз Жібектің көз жасын сүрткен ханым!
Өз басынан түрлі сынақ өткен ханым!
Рухы биік мақсатына жеткен ханым!
Баянды болсын ғұмыры бұл Баянның!
Кешегі күннің Меруерт апам Қыз Жібегі,
Бүгінгі күннің Баян ханым Қыз Жібегі!
Ел ауызында қалатын екі аруды,
Керегін түртер ертеңгі күннің Қыз - Жібегі!