"Министр білім саласын талқандап бастады..."деген Академияның экс қызметкері министр Жұлдыз Сүлейменоваға шүйлікті

"Министр білім саласын талқандап бастады..."деген Академияның экс қызметкері министр Жұлдыз Сүлейменоваға шүйлікті
Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық Академияның бұрынғы қызметкері Гүлшат Жолдыбайқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы "министр болуға лайық емес" деп жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. 
 
Еске салып өтейік, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Нәзипа Аюбаева өз шешімімен қызметінен кеткенін айтқан болатын. 
 
Министрдің осы сөзіне қатысты Гүлшат Жолдыбайқызы:  "Мына апай қалай өтірік айтып отыр!?
Осы Жұлдыз Сүлейменова келген соң емес пе академия ғалымдары Нәзипа Аюбаеваның үстінен президент апаратына арыз жазғаны!?
 
 Ол арызға кімдер қол қойды екен және не деп кінә тақты екен әлем үздік ғалымдарының жүздігіне кірген қазақ қызына!?
 
Назипа Алтынбекқызы ғылыми негізсіз шешім қабылдамайтын ғалым. Ал Жүлдыз Сүлейменова министр болуға лайықты емес деп білемін себебі, ол еш ғылыми негізсіз шешім қабылдай береді яғни келген беттен Ғани Бектайұлы аяққа әзер тұрғызған білім саласын талқандап бастады, оның еңбектерін өшірумен жоюмен айналысып, тісі батпағанын мысалы Келешек мектептерінің институтын ашуға рұқсат бермей жауып тастады.
 
Енді қуырдақтың көкесі болды. Академия президентіне тағайындар өз адамы Ғалия Дәулетованың статусы президент болуға сай болмағасын академия президенті критерийлерін өзгертті деп естідік, оны тексеру керек!!
 
Сол Дәулетова мені яғни академия қызметкерін жұмыстан еш себепсіз шығарды яғни еңбек шарты аяқталды деген сылтаумен. Менің баламда инв. бар ал жолдасым жұмыс істей алмай қалған.
 
 Соны айтқаным үшін түрі түтігіп қап қара болып ашу мен ызаға толы эмоциялар көрсетіп бұйрық берді.
Мен республикамыздың 12 облысы аймағына дидактикалық ойындарым таралған практик педагогпын.
 
Ғани Бектайұлы іс- тәжірибемді бағалап, академиядан дидактикалық ойындар орталығын ашу керек, оған республикамыздың өзіңіз сияқты ұстаздар ойындарын бір орталыққа жинау керек! деп үлкен перспективалық жоспармен қызметке алса да академия президенті Тыныбаева оның вицесі Тәңірбергенова қолдай қоймады.
 
Бәрінің сылтауы "қаражат бөлінсін" деген құрғақ сөз ал министрдің үлкен іс тәжірибе алмасу орталығын ашу инициативасын өтірік сылтаумен, көреалмаушылық іштерін өртеп бара жатса да түр бермей түтігіп, мені жұмыстан шығарудың небір амалдарын ойлап таппады.
 
Мен түк білмегенсіп түр бермей жүрдім. Мені тамыз саммитіне де қатыстырғысы келмей тізімге қоспады. Ал баланың қолына беретін ойындары да жоқ ия бір адам қызығарлық әдістері де жоқ мұғалімдерді сол саммитке мінберде іс тәжірибесімен бөлісуге шақырды.
 
Қатты көреалмаушылықты мен Астана қаласының Білім басқармасынан және осы академия үп -үлкен, баяғыда қорғап алған ғалымдарынан көрдім., менен жасы кіші қорғап алғандары құдайсып жүреді.
 
Қоңырау орнына қосылатын "Күй күмбірін" жұмысқа кірген беттен өзім сұранып жаздым, оның да қызғанышы ызғар болып шарпыды.
 
Себебі, 17 облыс пен 281 аудан Біртұтас тәрбие бағдарламасын қалай пайдаланғаны туралы есебінде нобайы осы Күй күмбірін атағандарын бір кабинетте естіп отырдым, онлайн есеп алған бөлім мамандары.
 
Бір жыл буллингтер болды ғалымдар тарапынан. Олар бірі таң атпай Аманат партиясындағы баяғы министр вицесі Шолпанның тапсырмасымен Тыныбаевадан вицесі Қаратабановтан бастап әлек болса бірі Аймағамбетовтың басының суретін үстеліне қойып бір мүддеге тоғыспай жан -жаққа тартып отырғанын түсіндіретін әрекеттерімен.
 
Маған жұмысқа кірген күні бір психолог "не назовите его имя (Ғани Бектаевича ), его здесь не любят.. деді сыбырлап... мен" мм.. за что его не любят, за борьбу с коррупцией!? дедім.
-ну, он да благородный безусловно, очень правильный, умный человек, ..сами поймете скоро...
Міне, осындай атмосфера академия ішінде.
-Ғани Бектайұлы, нағыз адал азамат, менің ғылыми еңбектерімді тұңғыш бағалап, марапатқа ұсынған... деген мүйізі қарағайдай ғалымның өзі академия ішінде Ғани Бектайұлы министр болып тұрған кезде басын тік ұстап, осы маған айтқан ойларын ашық айтып жарқырап жүре алмады.
 
Мен сол кезде түсінгенмін неге Ғани Бектайұлы қыруар еңбектеріне бұйрықтар шығып үлгермегенін.
 
Халыққа не пайдалы екенін түгел түсініп, министр мінберінде ойын ашық айтып халықпен керемет тіл табысса да министрлік іші, академия іші осындай әр түрлі саясатқа жабысып, мысық тілекпен отырғанда министр жұмысына керітартпа көп болды деп ойлаймын.
 
Жұлдыз депутат кезінде өзі талап еткен мәселелерін енді неге орындай алмай отыр!?
 
Қанша мәселе талап етті елге жанашыр кейіп танытып, енді не кедергі өзі орындауына әлде министр болу үшін қойылған спектакль ме, әрине солай деп ойлаймын.
 
Жұлдыз командасы озбырлықты осылай жасап жатыр. Академия ішінде оның келуін тосып отырғандар марапатқа қарық болды. Ақиқат іздегендер менің сөздерімнің салмағын бағалай алар", деп жазды. 
 

 
Барлық жаңалықтар