"Министр Сүлейменоваға қарсы қол жинап, петиция жариялаймын!" деді білім саласының маманы

"Министр Сүлейменоваға қарсы қол жинап, петиция жариялаймын!" деді білім саласының маманы
Белсенді әлеуметтік желі қолданушы, Ы.Алтынсарын Ұлттық білім академиясының бұрынғы қызметкері Гүлшат Жолдыбайқызы өзінің парақшасында Оқу ағарту министріне қарсы қол жинап, петицияжариялайтынын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
 
"Әлемнің үздік 100 ғалымына енген Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясы президенті Назипа Аюбаеваны аяқ астынан еш негізсіз жұмыстан шығарғандар қазақ ғылым тарихында кім болып қалдыңыздар екен!?
 
Назипа Алтынбекқызының парақшасында өте сирек кездесетін ұлтқа жанымен қызмет еткен қазақ қызының еңбегін көресіздер.
 
Жұлдыз Сүлейменованың үлкен қателігі мұнымен аяқталған жоқ, жақында академияға тағайындаған президент м.а. Ғалия Дәулетова да маған еш негізсіз еңбек шартың аяқталды деген сылтаумен жұмыстан шығаруда.
 
Мен Жұлдыз Сүлейменоваға қарсы, оның өз командасын жасақтап, Ғани Бейсембаев қызметке тағайындаған мамандарды шеттеткені үшін петиция жариялаймын!"деп мәлімдеді Гүлшат Жолдыбайқызы өзініңәлеуметтік желідегі парақшасында. 
 
Барлық жаңалықтар