Танымал белсенді педагог Сұлтан Сүлеев Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың партиялық тізімде жүргеніне қатысты өз пікірін білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Білікті ұстаз Сұлтан Сүлеев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Аманаттан құрылтайға 20 адам кіреді дегенге сұрақ көп. Оның оны таза қазақ.Қалған оны басқа ұлттар?
Жалпы Әділеттен Құрылтайға 186 адам дайындалып отыр. Сайлауда оның бәрі өтпейді. Ал Аманаттың 20 адамы железно өтеді. Ұнаса да,ұнамаса да.
Оқу министрі Сүлейменова да тізімде бар. Министрліктегі соңғы кездегі дау-дамайға байланысты бір-екі ай бақылайын деп отыр. Егер Жұлдыздың жұлдызы жанса орнында қалдырады. Егер сөнетіні белгілі болса құрылтайға алып кетеді. Билікке де үкімет мүшелерінің жер-жебіріне жететін депутат керек . Сүлейменова ондай ампулада өзін жақсы көрсетті. Ғ Бейсембаевқа айтқан сындары мен ескертулері есте шығар? Не болса да Сүлейменованың әлі бір жарым ай уақыты бар.
Сол аралықта жұмыстан шығарылғандардың заңдық негізін дәлелдеп ,халықты тыныштандыру керек.
Соншама адамның қысқа уақытта қызметіне сәйкес болмай қалуы таңғаларлық жағдай. Және өзі қабылдаған түрлі деңгейдегі басшылардың да лайықты екенін дәлелдеу керек.
Конкурс-понкурс деген пантомимоға кәзір ешкім сенбейді", - деп
жазды.