Министрдің үстінен енді ардагер ұстаздар шағым түсірген бе?

Министрдің үстінен енді ардагер ұстаздар шағым түсірген бе?

Әлеуметтік желіде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен енді ардагер ұстаздар шағым түсірді деген ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, 3-4 күн бұрын ғана осы министрдің үстінен Оқу ағарту министрлігіндегі жұмысынан шығып қалған бір топ адамның президентке шағым хат жолдағаны туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған болатын. Кейінірек аталмыш министрлік сол шағымға қатысты "ресми тіркелмеген шағым" деп, бұл туралы хабар таратқандарды заңды жауапқа тартатынын мәлімдеген еді. 

Енді бүгін білім саласының маманы Гүлшат Жолдыбайқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ардагер ұстаздар Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен шағым түсіргенін хабарлап, шағым хаттың көшірмелерін парақшасында жариялады. 

Гүлшат Жолдыбайқызы сүйінші сұрап жазба жариялағанымен, бұл хаттың авторлары кім, хатта неге ешкімнің аты-жөні аталмағанын, қолдары жоғын анықтап, ештеңе жазбаған. Ресми тіркеуден өтпеген бұл хатқа қатысты әзірге тиісті министрлік жауап бермеді. 

 

Барлық жаңалықтар