Танымал білікті ұстаз, белсенді педагог Сұлтан Сүлеев бірнеше күннен бері қоғамда шуы басылмай тұрған Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен жазылған шағымға қатысты өзі пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Сұлтан Сүлеев Оқу ағарту министрлігінде не болып жатқанына сұрау салып, бұл шағымға Президент "игнор" жасауы мүмкін деген болжамын жасырмады.
"Желіде министрліктің бұрынғы және кәзіргі қызметкерлерінің президентке жазған хаты көп кездесті. Хаттың басты мақсаты, Сүлейменованы қызметінен алу екен. Қандай себептер? Санайық.
1. Орталық аппараттың 30 жуық басшы қызметкерін жұмысынан босатыпты. Департамент директорлары мен басқарма басшылары. Олардың орынбасарлары. 2. Министрлікке бағынатын академия басшыларын да жұмыстан босатқан. Алтынсарин,Талап . 3. Талдау,Өрлеу,Дарын сияқты мекемелердің басшылары да жұмысынан шығарылды. 4. Тағы он шақты лауазымды тұлға қызметінен босатылу үстінде екен. Оларды жұмысынан босату үшін себеп болатын кінәлері дәлелдепті. Енді бұйрық шығару ғана қалып отыр. 5.Тағы бес лауазымды тұлғаның қызметінен босату туралы өтініші қанағаттандырылыпты. 6. Қызметінен кетірілген қызметкерлердің орнына волюнтаристік пиғылмен жаңа басшыларды алыпты. Конкурс талаптары конкретно бір тұлға үшін жазылған дейді. Ғылыми атақ , қызмет стажы , педагогикалық қызметі міндетті емес .Нақты бір адамды креслоға отырғызу керек пе, талап соған лайықталып дайындалған екен. 7.Өзі жұмысқа алған жаңа басшыларды жарты жылға жетпей мемлекеттік марапатқа ұсынған дейді. Алты ай,бес ай,бір ай жұмыс істегендер Ерен еңбегі үшін медалін алған. 8. Министрліктің кеңейтілген жиындарында қарамағындағы басшылардың жеке басын қорлау, дауыс көтеру фактілері де кездеседі дейді. 9. Қызметкер дайындаған құжаттарға министрдің қол қоюы он күннен асып , нәтижесінде кінәлі сол қызметкер болып табылады дейді. Қол қоймайтын министр, ал қызметкер тапсырылған жұмысты орындамаған болып табылады. Ескі тәсіл.
Хаттың негізгі мәні осы. Егер хаттағы айтылған фактілер рас болса қызық болайын деп тұр. Соншама жыл орталық аппаратта қызмет еткен ,тәжірибелі қызметкерлердің орнына сырттан әлгіндей жеке симпатиясына қарап қызметке алудың жемісін жақын арада көретін шығармыз.
Маған не? Менің шаруам жоқ. Тек өзің қызмет істейтін сала басшылығында осындай істер болып жатқаны алаңдатады.
Алдыңғы екі министрде де осындай шу болған. Асхат бір департамент басшысын жұмыстан босатқан. Соның дауы әлі басылмады.
Ғани менің ойымша ешкімді жұмысынан босатқан жоқ. Бар қызметкерлерді үйретіп,тәрбиелеп жұмысқа жұмылдыра білді. Дегенімен біреулердің айтағымен бір топ блогер-педагогтер президентке хат жазған. Президент ол хатқа еш реакция жасамады. Желдің қайдан соққанын көмекшілері айтқан болуы керек. Ғани ол хаттан кейін тағы екі жарым жыл жұмыс істеді.
Мына хатты да президент игнор жасауы мүмкін. Мүмкін жаңа құрылтай алдында үкімет отставкаға кетеді. Сол кезде осы хатты еске алып,бір шешім шығаратын шығар. Дегенімен білім саласы министрлерінің орташа жасы екі жылдан кем емес..
Бірақ бір ведомстваның бүкіл қаймағын жұмыстан босату бұрын-соңды болмаған. Құжатқа қол қоймау туралы айтып едім ғой. 9 бөлім . Осыған ұқсас жағдай. Мен кезінде түрлі пән мұғалімдерін министрмен кездестіруді ұйымдастырушы едім. Алдында үш осындай топ министрмен кездесті. Биолог-химик педагогтермен кездесу туралы екі вице-министр ,екі пресс секретары арқылы айттым. Жұлдыз қолдады. Қарсы емеспін депті. Тек сөз жүзінде. Сонан бері жеті ай өтті. Кейін қолымды бір сілтегенмін. Өзім біреуге уәде берсем ешқашан да ұмытпаймын. Орындауға тырысамын. Бірақ бір жарым ай бұрын Алматыда Ұлттық мектепті ашу шарасында кездесіп қалдық. Сұлтан ағайсыз ба деп өзі амандасты. Сіздің өтінішіңіз есімде , көмекшіммен уақытына келісіңіз деді. Даурен көмекші телефонымды жазып алды. Көмекшіге бір аптадан соң өзім телефон соқтым. Министрге айт ,не істейміз, мұғалімдер отпускаға кетеді . Айтты ма,жоқ па білмеймін.Аллаху акбар болды . Департамент ,басқарма басшыларын перчатка сияқты ауыстыратын адамға қарапайым педагогтың айтқаны не? Маған не? Министр кездеспеді деп ішіп кеткен жоқпын.
Жұлдыз Досбергенқызы , сөзінде тұрмаған министрлер өте көп болған. Сізді солардың қатарына қосқым келмейді. Биолог-химиктер Ғанимен былтыр қазан айында кездесуге дайындалып жүр еді. Не болғанын білесіздер", - деп
жазба жариялап, пікірін білдірді.