Танымал заңгер Айнұр Болат өзінің әлеуметтік желі парақшасында әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың экс жұбайы Мөлдір Мұқанованың материалдық жағдайы туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
Заңгер Мөлдір туралы айтылып жатқан кей сөздердің шындыққа жанаспайтынын айтты.
"Астанаға көшкелі мен Мөлдірді танимын. Қазір Мөлдір туралы көп әңгімелер шығып жатыр ғой. Олардың ешқайсысымен келіспеймін. Тұрсынбектің арқасында көтерілді деп. Мен Мөлдірмен танысқан кезде Мөлдірде мейрамхана бизнесі болды. Үлкен орталығы болды. Ұйымдастыру тобы болды.1-2 адамнан емес үлкен командасы, қызметкерлері болды. Сол кезде-ақ оның жеке бухгалтері болды. Ол бұл киноға дейін де үлкен жобалары болды. Мөлдірдің бір жақсы қасиеті ол ешқашан ештеңені жариялаған жоқ. Сол себепті Мөлдір қазір шыққан сияқты. Бірақ Мөлдір ол бұрыннан Мөлдір, - деді ол.