Мұғалім оқушыдан жинаған "одноразкаларды" күйеуіне апарып берген

Мұғалім оқушыдан жинаған "одноразкаларды" күйеуіне апарып берген

Әлеуметтік желіде "тренд директор" атымен танылған мектеп басшысы Ақмоншақ Нұртаза тағы бір трендке видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Бұл жолғы видеода мұғалімдер директордың хабарынсыз жасаған кей тірліктерін ашық айтып, "біз тыңдаймыз, бірақ жұмыстан шығармаймыз" трендін жасады. 

Ақмоншақ Нұртазаның бір мұғалімі директордың хабарынсыз ондаған оқушыны басқа мектепке ауыстырып жібергенін айтты. 

Ал тағы бір мұғалім мектептегі аппаратураларды басқа бір мектепке бергенін айтты. 

Бәрінен де мұғалімдердің бірінің "оқушылардан жинап алған "одноразкаларды" күйеуіме апарып бердім"дегені директорға "видеоны өшір, өшір" дегізіп, елді елең еткізді.  

 

Барлық жаңалықтар