"Мұғалімдер ғарышқа субботникке барады": Желіде бір сөйлемнің талқысы қызу жүріп жатыр

"Мұғалімдер ғарышқа субботникке барады": Желіде бір сөйлемнің талқысы қызу жүріп жатыр

Әлеуметтік желіде бір ғана сөйлемге қатысты қызу талқы басталып, жазылған пікірлер кез келгенді күлкіге қарық қылуда деп жазады Democrat.kz. 

Threads әлеуметтік желісінде бір ғана суретпен, бір ғана сөйлеммен жарияланған жазбаға жазылып жатқан пікірлер кез келген кісінің күлкісін келтіреді екен. 

"Қазақстандық ғалымдар ғарышты қоқыстан тазартпақ" деген тақырыппен берілген "Хабардың" ақпаратынан гөрі оған қатысты жазылған пікірлер қызығырақ шықты. 

"Ғарышты қоқыстан тазалауға тағы да мұғалімдерді апарады", "ғарышта біздікілер субботник өткізеді", "мұғалімдер, дайындалыңдар, субботникке ғарышқа барасыңдар", " Кім атың кім еді айтшы басқасына, ең бірінші Астанадағы Тұран бойындағы қарды тазалаңдаршы әуелі. Ғарыштағы целофандар күте тұрар", "Қайсысы ғарышқа мусор тастап жүрген?", "Аманат/Жасыл ел деп барады", "Главный самооценка түсірмейік, түр бермей жүре берейік те, бір күні орындалып қалар", "Сыпырғы шелек керек пе?", "Инопланетяндармен келіссөз жүргізгенба сонда?", "Ғарыш деп қай көшені айтты екен?"...

 

 
 
Барлық жаңалықтар