"Мұғалімдерді ит әуреге салған реформа": Мұрат Әбеновтің білім саласындағы "ерен еңбектері" есіңізде ме?

"Мұғалімдерді ит әуреге салған реформа": Мұрат Әбеновтің білім саласындағы "ерен еңбектері" есіңізде ме?

Соңғы уақытта еліміздің педагогтары мен білім саласына қатысты мінберлерден ұсыныс айтып, тіпті мұғалімдерді сын тезіне алып жүрген Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің белсенділігі күн санап артуда. Десек те, кезінде өзі вице-министр болған білім саласында Мұрат Әбеновтің қандай проблемаларды жойып, қандай елеулі қызмет атқарғаны есіңізде бар ма? Бұл сұраққа білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Парламент қабырғасында мектептерді аудандық әкімдікке беруді қос қолдап қолдаған Мұрат Әбенов туралы Өмір Шыныбекұлы: "Мәжіліс депутаты әрі, ОАМ жанындағы Қоғамдық Кеңестің төрағасы Мұрат Әбенов өзін өзі ақтамаған реформалар мен бастамаларды қатты сынайды. 

Кейінгілер білмеуі мүмкін, дәл осы Мұрат Абдуламитұлы Әбенов бір кездері Білім және ғылым вице-министрі болған...

Ол кезде де кейін тиімсіз деп тоқтатылған бағдарламалар болған. 
Соның бірі мұғалімдерді бірнеше жыл ит әуреге салған E_Lerning платформасы еді..

«E-learning» электрондық оқыту жүйесі Қазақстанның білім беру саласындағы ең ауқымды және ең көп сынға ұшыраған жобаларының бірі ретінде тарихта қалды. 

 

Бұл мәселенің негізгі себептері мен оның артындағы жағдайларды былайша жіктеуге болады:
1. Тоқтатылуының негізгі себептері
Жоба 2011 жылы басталып, 2015-2016 жылдары қарқынды түрде тоқтай бастады. Ресми және бейресми себептер мынадай:
 Техникалық тиімсіздік
 Көптеген мектептерде интернет жылдамдығының төмендігі жүйенің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді. Серверлер жиі істен шығып, мұғалімдер үшін көмекші құрал емес, қосымша кедергіге айналды.
 

Қаржының игерілуі мен қымбатшылығы:
 Есеп комитетінің деректері бойынша, бұл жобаға шамамен 30-35 миллиард теңге жұмсалған. Алайда, жұмсалған қыруар қаражат күтілген нәтижені бермеді.

 Мазмұнның сапасыздығы:
 Платформаға жүктелген цифрлық ресурстардың (бейнесабақтар, тапсырмалар) сапасы төмен болды және оқу бағдарламаларының өзгеруіне байланысты тез ескіріп қалды.

 Мұғалімдердің жүктемесі:
Жүйе мұғалімдерді қағазбастылықтан құтқарудың орнына, "екі есе жұмыс" (әрі қағазға, әрі электронды жүйеге жазу) істетуге мәжбүрледі.

2016 жылдан бастап Министрлік «E-learning»-нен бас тартып, нарықтағы дайын шешімдерге (мысалы, Kundelik.kz, BilimLand) басымдық бере бастады. Өйткені мемлекеттік бюджеттен жасалған жүйені ұстап тұрудан көрі, жекеменшік IT-өнімдерді пайдалану арзанырақ әрі тиімдірек болып шықты. «E-learning» жобасы — бұл мемлекеттік басқарудағы **орталықтандырылған цифрландырудың сәтсіз үлгісі болды.

Жобаның жабылуына жүйедегі жемқорлық, техникалық дайындықтың жоқтығы және бюрократия себеп болды.
Қазір Аймағамбетовті сынап отырған М.Әбенов сол кезде қайда қарады?" деп, ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова неге осы мәселені Президентке жеткізбейді деген сұрағы барын айтады. 

Барлық жаңалықтар