Әлеуметтік желіде Зарина Сағатбек есімді педагог қазіргі ата-аналар жиналысына қатысты наразылығын білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Осы неге ата-аналар жиналысы бұрынғыдай форматта өтпейді? Бір тойға шақырғандай. Жиналыс деген, жиналыс болып өту керек деп ойлаймын. Тренинг сондай болса бір жөн, ойын ойнатып, шоколад беретін. Құдды бір цирк сияқты, мектеп емес. Бұрынғы дәстүрлі формат, дәстүрлі оқу тәсілі жетіспейді бізге. Бәрі әшейін көзбояушылық" деп жазды Зарина Сағатбек Threads желісінде.
Бұл жазбаға қатысты әріптесі: "Мұғалім ата-ананың алдында солай клоун болып тұрғысы келеді деп ойлайсыздар ма? Оларға солай өтіңдер деп тапсырма берілген соң өткізеді. Фотоотчет, видеоотчет бітпейтін. Сол жиналысқа кететін қаншама көрнекілікті мұғалім өз қалтасынан шығарып жасайды. Оның ата-анаға да, мұғалімге де еш керексіз екенін түсініп жатқан басшылық жоқ"деп пікір білдірді.