"Мұғалімді сотқа берген кәсіподақ": Депутат мәселені назарға алып, тиісті органдарға сұрау салды

"Мұғалімді сотқа берген кәсіподақ": Депутат мәселені назарға алып, тиісті органдарға сұрау салды

Бірнеше аптадан бері әділдік іздеп, әлеуметтік желіде қолында бар дәлелдерімен видео жариялап жүрген ақтөбелік мұғалім Әділова Айжанның мәселесіне депутат Мұрат Әбенов назар салды деп жазады Democrat.kz.

Мұрат Әбенов өзіне ақтөбелік ұстаз Айжан Әділованың шағымын жолдағанын айтып: "Маған осындай арызбен Ақтөбе қаласы “Ә.Марғұлан” атындағы мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділова Айжан Бауыржанқызынан арыз келіп түсіпті.

КӘСІПОДАҚ ӨЗ МҮШЕСІМЕН СОТТАСҚАН ДҰРЫС ПА?

Менің ойымша кәсіподақтың мұғалімді сотқа беруі еш әділеттікке сәйеес келмейді.

Кәсіподақ керісінше педагогтің құқығын қорғау үшін арналған қоғамдық ұйым.

Және ол тегін емес , өте жоғары деңгейде төленетін ақылы қызмет.
Ол ұйымға әр муғалім өз еркіммен кіріп , айына айлығының 1% төлеп отырады.
Шамамен айлық 300 мыңнан - 600 мыңға дейін болса сонда бір педагог айына 3 мыңнан 6 мыңға дейін төлейді.

Сол қаржы арқасында мүғалімді әкімшіліктің қыспағынан және кез келген заңсыз әрекеттен қорғау керек.
Әлеумекттік көмекті айтпағанда.
Ресми 600 мың педагог бар десек шамамен 5 мың төлесе айына 3 млрд теңге түседі екен.

Бұл қаржыға ең мықты адвокаттарды жалдауға болады.
Егер қорғай алмаса барлық муғалімдерді қабылдамау керек.

 БҰЛ ЖЕРДЕ ЕРКІНДІК МӘСЕЛЕСІ ТУЫНДАЙДЫ - ЖҰМЫСШЫ ӨЗІ ТАҢДАҒАН КӘСІПОДАҚ ӨЗІНЕ ҚАРСЫ ШЫҚПАУ КЕРЕК
Кезінде мен өзім муғалім болғанда мектеп әкімшілігі ГорОНО сыртымыздан арыз жазғызып , айына 1 % төлеуді мәжбүрлейтін.

ШАҒЫМДАНУ СЕБЕБІ :
Муғалімнің айтуынша мектеп әкімшілігі тағайындалған уақыттан бері бірнеше жылға созылған психологиялық-моральдық қысымға (моббинг) тап болып келемін. Салдарынан педагогтік беделіме, ар-намысыма нұқсан келіп, денсаулығым нашарлады.

“Мен бұл әділетсіздікпен келіспей, өз құқығымды сот залында заң аясында толықтай дәлелдеп шықтым. Сотта менің кінәсіздігім ресми бекітілсе де, маған қарсы психологиялық қысым мен кек алу әрекеттері тоқтаған жоқ. Маған қатысты Әдеп кеңесінің отырысында бірнеше лауазымды тұлғалар тарапынан үлкен психологиялық қысым көрдім” - деп шағымданды.

“Мені әдейі оқшаулап, маған қысым көрсетіп, балағат сөз айтып, адамдармен араласуыма шектеу қойып, заңда көрсетілген құқықтарымды аяқ асты етіп отырған мектеп директорының және кәсіподақ ұйымының басшысының іс-әрекеттеріне заңдық баға беріп, қызметтік тексеріс жүргізіп, тиісті жаза қолдануыңызды сұраймын” - деп жазыпты Мәжіліске түскен шағымында.

Ал өзім арыздың және видеоның толық нұсқасын ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Конституциялық Соты, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлікке жолдап толық тексеруді талап етемін", деп жазды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов.

Барлық жаңалықтар