Ғылым мен білімге, жаңа технологияларға ұмтылатын қазіргі ғасырда 4-5 ғасырда "көктен түсті"деген кітапқа сеніп, арабтардың құрастырып берген ертегісіне сенетін надандар бар деп күйінген дағыстандық дін зерттеуші сұмдық мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"Дағыстан елі, кавказдықтар осы бір арабтардың ойлап тапқан діни ертегісіне елітіп, бұл күнде ұлттығынан ажырап бара жатыр.
Күні кеше құмда қаңғыған арабтардың қазір шіріген байға айналуына не себеп? Себебі олар ойдан құрастырып шығарған "Мұхаммед пайғамбар" деген кейіпкер мен "қасиетті" деп құрастырған Құран кітабының арқасында миллиондаған кісінің энергиясы мен ақшасын сорып байып жатыр.
Күніне бес рет Меккеге қарап намаз оқу арқылы энергияңды, ал Қағбаға бару арқылы ақшаңды төгіп жатсың. Араб байымағанда, кім байысын?
Пайғамбар деген Мұхаммед деген адам өмірде болмаған! Болғанына ешбір дәлел жоқ. Ақылды адам менің осы сөзіме қалай күмән келтірсе, Құран, хадис, пайғамбар деген дүниелерге де солай күмән келтіріп, критикалық тұрғыдан ойлайды.
Дағыстан халқы осы бір ойдн құрастырылған діннің салдарынан тілінен, дәстүрінен, ең бастысы, ұлттығынан айырылуда.
Ұлттық намысы бар адам "мен неге айдаладағы арабтар айтты екен деп, солардың әр сөзіне сенуім керек? Мен неге арабтың топырағына емес, өз топырағыма тәу етіп, артық ақшамды осында жұмсамаймын? Мен неге өз тілімде емес, айдаладағы арабтың тініде дұға етіп, арабтың тілінде жаратушыға жалынамын? Өз тілім жоқ па? Мен де араб сияқты адам емеспін бе, неге арабтың тілі менің тілімнен үстем болууы керек?"деген сауалды өзіне қояр еді" деген дағыстандық тиктокер әр ұлттың өзіне тән ұлылығы барын айтты.