Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер жігіт туралы сұмдық дерек тарады

Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер жігіт туралы сұмдық дерек тарады

Ақиық  ақын Мұқағали Мақатаевты қорлап, елді дүрліктірген блогер Әлішер Теменовтің басы тағы да дауға қалды. Әлеуметтік желіде бұл блогердің адамдарды алдап, ақшаларын бермей жүргені туралы жазбалар тарауда деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде "Теменов Алишерді танисыздарма? Дауыс қойып беремін дейтін сол жігіт мені 1 млн тг қадап кетті жазсам жауап жоқ звандасам алмайды. Нестей аламын сіздерден көмек керек парақшасына жазасыздарма жалоб тастайсыздарма өтіріктің құрбаны болып барамыз. Қазір қатты майдаланып кеттік па жігіт десең өзіңе тиеді, Мен одан 1 млн тг курсын алдым мені инстаграм тик ток жүргізіп алғашқы ақшаңды табуға көмектесемін подписчик жинап беремін деп сөз берген еркекше қазір таба алмай отырмын", - деп жазды желі қолданушы. 

Осы жазбаның астына блогер Әлішер Теменовті танитындар "мені де солай алдаған", "бұл Мұқағалиды қорлаған жігіт қой", "екі жыл бұрын да сондай еді, әлі өзгермепті ғой" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар