Мырзатай Жолдасбековтің Рәтбек қажы туралы естелігі қызу талқыға түсті

Мырзатай Жолдасбековтің Рәтбек қажы туралы естелігі қызу талқыға түсті

Бұрынғы шенеунік, саясат саласында аты көпке мәлім Мырзатай Жолдасбековтің марқұм Рәтбек қажы туралы естелік айтқан видеосы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

"Мен сол Қазақстан Республикасының премьер-минстрінің орынбасары болған кезім еді. Рәтбек қажы деген кісі болды, өзі өркөкірек бірақ сондай адал, көңілшіл, таза адам. Біз бірге жұмыс істедік, діни орындармен жұмыс істеу менің қарамағымда.

Содан бір күні маған: "Мырзеке, маған рұқсат беріңіздер мен Ташкентке барайын деді. Ол кезде Орта Азия және Қазақстан діни ұйымдары бірге. Мен Қазақстанды осыдан бөліп әкелемін деді. Қалай бөліп әкелмексің?" дегенге, "Көресіздер, мен Аллаға сеніп, тәуекел етемін" деп жауап берді. 

Мен Назарбаевтан рұқсат алдым. Алланың құдыреті, үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін дүние болды. Содан Орта Азиядан бөлініп, мүфтият құрдық", деп еске алды ескі замандарды Мырзатай Жолдасбеков. 

Әлеуметтік желі оқырмандары Рәтбек қажының рухына дұға бағыштап, ал Мырзатай Жолдасбековтің өте мықты саясаткер болғанын айтуда. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар