Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Бегей оқырмандарына арнап, мерекелік видео жариялаймын деп сөзге қалды деп жазады Democrat.kz.
Таяуда ғана күйеуінің концерті өткен оң, өз оқырмандарына арнайы видео жариялап, жағдайын айтқан Фариза Бегейді жұрт сынап тастады.
"Қалайсыздар? Концертті өткізіп, енді ес жинап жатырмыз. Сіздердің жағдайларыңыз қалай? Мереке құтты болсын" деп үйдегі қарапайым халімен видео жариялаған әншінің әйелінің киімі жұрттың назарын аударды.
"Басында орамал, аяғы жалаң аяқ", "сенің жағдайыңды сұраған кім бар", "нәскиі жоқ", "Абайдың балаларынан құтылып құдайың берген болар" деп жұрт пікір жазуда.
Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.