Назарбаевтың қай жерде шауып жүргені мәлім болды

Назарбаевтың қай жерде шауып жүргені мәлім болды

Қазнетте Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жағажай бойымен жүгіріп бара жатқан видеосы қайтадан қызу талқылана бастады деп жазады Democrat.kz.

Еске сала кетейік, 2025 жылы әлеуметтік желі қолданушылары деректі кадрлардан алынған Назарбаевтың жартылай жалаңаш жағажайда жүгіріп жүрген видеосын жаппай пародиялап, түрлі әзіл видеолар түсірген болатын. Сол кезде көпшілік аталған видео Түркияда түсірілген деп болжаған еді.

Алайда әлемнің ерекше жерлері туралы шолуларымен танымал географ-блогер Февралев бұл пікірмен келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, видео Түркияда емес, Бразилияда түсірілген болуы мүмкін.

Блогер өз видеосында Назарбаевтың әйгілі Рио-де-Жанейро қаласындағы Копакабана жағажайында жүгіргенін алға тартқан. Ол өз тұжырымын кадр сыртындағы төбелердің пішіні мен көрініп тұрған ғимараттардың орналасуымен түсіндіріп, олардың Копакабана жағалауымен сәйкес келетінін айтқан.

Бұл болжам жарияланғаннан кейін желі қолданушылары әзілге басып, енді қазақстандықтар трендті түпнұсқа жерде қайталау үшін Бразилияға аттануы мүмкін екенін жаза бастады.

«Маған үнемі бұл жер Тайланд немесе Вьетнам сияқты көрінетін. Теңіз жаққа қарағанда сол жақта қатар тұрған екі төбе Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көріністерге ұқсайды. Алға, Қазақстан!» – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Ал тағы бір пікір қалдырушы әзілдеп: «Блогерге туризмді жарнамалағаны үшін агенттік сыйақы сұрау керек сияқты. Енді қазақстандықтар жаңа видео түсіру үшін сол жаққа ағылатын болды», – деп пікір білдірген.

 

Барлық жаңалықтар