Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қатысты жеке сипаттағы мәлімдемелер жасаған мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова әлеуметтік желіде тағы бір жазба жариялады. Ол әкімге қатысты бұрын айтқан уәжінен бас тартпағанын білдірді, деп жазады Democrat.kz.
Ынташ Наурызованың айтуынша, қазір Қилыбай жоғары лауазымда отырғандықтан, оның айналасындағылар әкімнің сөзін қолдап жүр. Алайда ол уақыт өте келе жағдайға басқа баға беріледі деп есептейді.
«Қазір әкім болған соң бәрі соның сөзін сөйлеп жүр. Бірақ жылдар өткен соң шындық айтылады», – деп жазды ол.
Наурызова өз жазбасында Қилыбайды өткір сынға алып, болашақта оның қызметінен гөрі жеке өміріне қатысты даулар көбірек есте қалуы мүмкін деген пікір білдірді.
«Ешкім оның осы кезге дейін істеген ісін есіне алмайды», – деді ол.
Сондай-ақ экс-депутат әкімнің кезінде қателігін мойындап, кешірім сұрауға мүмкіндігі болғанын алға тартты.
"Қазір әкім болған соң бәрі соның сөзін сөйлеп жүр. Бірақ жылдар өткен соң шындық айтылады. Сол кезде оны: некесі бала тудыртып, баласынан безінген әкім деп есіне алатын болады. Әртүрлі жулик қатындарға жем болған слабый әкім дейді. Ешкім оның осы кезге дейін істеген ісін есіне алмайды. Онда тәубесіне келіп, кешірім сұрап, жулик әйелдерден алыс жүруге мүмкіндік болды. Бірақ ол бүгінгі күнмен өмір сүріп жүр",- деді ол.