Нұржан Төлендиев келіні туралы таңғаларлық дүние айтты

Нұржан Төлендиев келіні туралы таңғаларлық дүние айтты

Танымал актер, "Тука" атымен жұрт білетін Нұржан Төлендиев журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында келініне қатысты қызықты бір дерекпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Журналистің отбасылық сұрақтарының ішінде Нұржан Төлендиевтің келініне қатысты да сұралды. 

"Келініміз бізбен бірге тұрады. Келінімнің аты Нұргүл. Келінім маған таңғы асты 17-00-де береді. 

Бізде келін таңертең ерте тұрсын, сәлем салсын дейтін заң жоқ. Әркім өзі біледі, қашан, қалай тұруды. 

Мен үйге кеш келемін. Сол себепті де күндіз ұйықтаймын. Ұйқымнан оянғанда, сағат сол шамамен 17-00-дерде келінім таңғы асты береді. 

Таңғы бесте сәлем салу жоқ. Бізде онлайн, ватсаппта сәлем сала береді", деген Нұржан Төлендиев жұртты күлкіге қарық қылды. 

 

Барлық жаңалықтар