Нұрлан имамның қызына қатысты тағы қызу әңгіме басталды

Нұрлан имамның қызына қатысты тағы қызу әңгіме басталды

Танымал діндар Нұрлан имам мен оның қызына қатысты әлеуметтік желіде қызу талқы жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

Threads желісінде anonimniy.kazakh атымен тіркелген желі қолданушы: "Сендер ауыздарыңды ашып уағыз тыңдап, аңқайып азаннан кешке дейін жұмыс жасап мешітке садақа ақша салып жүргенде, Нұрлан имамнын кызы Америкада кыдырып жүр. Қалғанына өздерің түйін жасаңдар..." Деп Нұрлан имамның қызының суретін жариялады. 

Бұл жазбаға қатысты желі қолданушылар "имамның қызы Америкада жүрсе, не болыпты?", "имамның қызы шетелге шықпасын деген тыйым бар ма", "имамдар кедей болуы керек деген пікір қайдан келеді осы" дегенге саятын пікірлер жазғандар жазба авторына қатты реніш білдірді. 

Барлық жаңалықтар