О дүниеден оралған еркек ол жақта көрген сұмдықтарын айтып берді

О дүниеден оралған еркек ол жақта көрген сұмдықтарын айтып берді

АҚШ-та ауыр атлетикамен айналысқан Винни Толман есімді ер адам клиникалық өлімге ұқсас күйді бастан өткеріп, кейін өмір мен өлім туралы түсінігі түбегейлі өзгергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, тыныс алуы ұзақ уақытқа тоқтап, дәрігерлер бірнеше мәрте әрекет жасағаннан кейін ғана жүрегі қайта соға бастаған, деп жазады Democrat.kz. сайты Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Толман мен оның досы бодибилдингке арналған заңсыз қоспаны қабылдағаннан кейін болған. Көп ұзамай екеуінің де жағдайы күрт нашарлап, олар жақын маңдағы мейрамханаға кірген.

Сол жерде Винни дәретханада есінен танып құлап, басын жарақаттаған. Бұдан кейін оның тыныс алуы тоқтап, денесі көгере бастаған.

Толманның сөзінше, дәл сол сәтте өзін денесінен бөлініп шыққандай сезінген. Ол оқиғаны жоғарыдан бақылап тұрғандай болып, жерде жатқан өзінің ісінген мойны мен көгерген жүзін көргенін айтады.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына жетіп, оны қайта тірілтуге әрекет жасаған. Алайда алғашқы әрекеттер нәтиже бермеген соң, ер адамның денесі арнайы қапқа салынып, көліктегі жас тәжірибеден өтушінің қарауына қалдырылған.

Толман сол сәтте жас маманның ойын сезгендей болғанын айтады. Оның баяндауынша, тәжірибеден өтуші жігіт науқастың өмір белгілерін қайта тексеруді талап етпегеніне өзін кінәлап отырған.

Ақыры жас маман ер адамның жағдайын тағы бір мәрте тексеріп, жасанды тыныс беруге кіріскен. Кейін дефибриллятор қолданылып, үш электр разрядынан соң Толманның жүрегі қайта соға бастаған.

Ер адам бұдан кейін үш тәулік комада жатқан. Оның айтуынша, осы аралықта ол жарық пен тыныштыққа толы беймәлім кеңістікте жүргендей күй кешкен.

Толман сол жерде ақ киім киген, айрықша болмысты кездестіргенін айтады. Алғашында оны Құдайға ұқсатқанымен, әлгі бейне өзін «жол көрсетуші» ретінде таныстырған көрінеді.

Ер адамның сипаттауынша, ол көрген әлемде айналасындағы барлық нәрсе, тіпті шөптің өзі тірі секілді сезілген. Жол көрсетуші бейне де оған бұрыннан таныс, жақын досындай әсер қалдырған.

Есін жиғаннан кейін Толман бұл оқиғаны өз өміріндегі үлкен бетбұрыс деп қабылдаған. Кейін ол басынан өткергенін «Өлімнен кейінгі жарық» атты кітапқа арқау етті.

Автордың пайымынша, адам өміріндегі басты міндет — өз болмысынан қашпай, шынайы өмір сүру. Ол өлімге жақын күйден кейін қорқынышы азайып, адамдармен қарым-қатынасқа және күнделікті тіршілікке басқаша қарай бастағанын айтады.

Айта кету керек, Толманның «107 минут бойы тыныс алмадым» және «өзге әлемді көрдім» деген тұжырымдары оның жеке естелігіне негізделген. Мұндай тәжірибелерді ғылым толық әрі біржақты түсіндіріп болған жоқ. Дегенмен оның оқиғасы өмірдің құндылығы, сана мен өлім шекарасы туралы пікірталасты қайта жандандырды.

 
Барлық жаңалықтар