Әлеуметтік желіде бір мектепке тәжірибе жинақтаушы ретінде барған жас мұғалім өзіне оқушысы жазған хатты жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісін қолданушы болашақ мұғалім тәжірибе жинақтау уақытының бітіп жатқанын, жақында қазіргі жүрген мектебінен кететінін біліп, оқушысы жүрек жарды хат жазғанын жариялады.
Хатта оқушы мұғалімін қатты жақсы көріп, бауыр басып қалғаны сондай, кететінін естіп, тіпті ұйқысы қашып жүргенін айтыпты.

Жас мұғалім жариялаған хаттың скриніне қатысты жұрт қалжыңдап, түрлі пікірлер жазуда.
Жұрттың кей қалжыңы көңіліне тиді ме, жас мұғалім: "Неге қате түсініп,неше түрлі нәрсе жазып жатсыздар. Мен практикантпын,кеше соңғы күнім болған… Бәріміздің де басымыздан өтті ғой,практикант апайды жақсы көріппп,қимастық сезіміі… А еще а иа дей салғаным,соңғы сабақ сол сыныптан шыққанмын,прям жыныма тиді қалғаны,ал бұны жазған бала үндемейй қарап отырды) Класска қатты өкпелеп,үйге келіп тұрсам осы оқушым осылай деп жазып жіберіптә))) Өйтіп қатты сөкпеңіздер"деп жауап жазды.
