"Өкінесің, Мөлдір!": Желіде Тұрсынбек пен Мөлдірдің түсініксіз видео тарап кетті

"Өкінесің, Мөлдір!": Желіде Тұрсынбек пен Мөлдірдің түсініксіз видео тарап кетті

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың ерекше бір видеосы тарап, жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Тұрсынбек Қабатовтың кезекті бір концертінде отырған Мөлдір Мұқанованы көруге болады. 

Сонымен қатар видео әзілкештің соңғы концерттерінің бірінде түсірілгенін байқау қиын емес. 

Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы өнеріне төменнен қызу қол шапалақтап, разы болған Мөлдірдің кейінірек бұрынғы күйеуінің қасына барып, суретке түскені де видеоға түсіп қалған. 

Желі қолданушылар бұл видеоға қатысты "Тұрсынбекті кешірме, өкінесің Мөлдір", "дұрыс болыпты, екеуі қайта табысқан сияқты", "Тұрсынбектің екі көзі Мөлдірде" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар