"Оңбаған мұғалімнің кесірінен суицид жасады" деген Омар Балнұр сұмдық жағдайды жайып салды

"Оңбаған мұғалімнің кесірінен суицид жасады" деген Омар Балнұр сұмдық жағдайды жайып салды

Танымал логопед Омар Балнұр журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында білім саласындағы адамды қорқытатын дүниелер туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Балнұр Омар көп уақыттан бері тілінің кемістігі бар, тұтығып сөйлейтін адамдармен жұмыс жүргізіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізген маман. 

Ол өзіне түрлі жағдайлардағы балалардың, адамдардың келетінін айтып: "Университетте тұтыққаны үшін "үшке", "екіге" шығаратын ұстаздар бар ғой. 

Бала оқып келеді, жазып келеді, талпынады, ізденеді. Бірақ тілімен жағына сүйеніп (бәріне бірдей топырақ шашпаймын), түк білмесе де, сөйлей беретін балаға бағасын қойып беріп, ал біліп тұрса да айта алмаған, жеткізе алмаған балаға төмен баға қоятын жағдайлар бар. 

Соның кесірінен өз өзіне қол жұмсаған балалар да бар. Білесіз бе, мұғалім он бірінші сыныпта өзіне тиесілі бағаны қоймағаны үшін өзіне қол жұмсаған менде бірнеше бала болған. 

Былтыр ғана болды осы жағдай. Баласын шешесі маған тіркеп қойған. Алайда бала маған келгенше өліп қалған. Оңбаған мұғалімнің кесірінен өздеріне қол жұмсаған. 

Бүкіл еңбегі ақталмағанына күйіп кеткен сол балалар мұғалімнің оңбағандығы үшін суицид жасаған ғой"деп, кей мұғалімдерде қарапайым адамгершілік дегеннің бола бермейтінін жасырмады. 

Барлық жаңалықтар