"Оразамен алыспаңыз!": Нұрлан имам мұғалімдерге шүйлігіп, ақыл айтты

"Оразамен алыспаңыз!": Нұрлан имам мұғалімдерге шүйлігіп, ақыл айтты

Әлеуметтік желіде кеңінен танылған Нұрлан имам титтей баланың ораза ұстауына қатысты мұғалімге дүрсе қоя берді және мұғалімнің өзіне ақыл айтты деп жазады Democrat.kz. 

"Мында бір мұғалім "3 сынып оқитын 9 жасар оқушым ораза ұстапты. Соған сен әлі кішкентайсың деп оразасын бұздым" деп жазыпты.

Сіз мектепке дінмен алысу үшін барасыз ба, әлде сабақ оқыту үшін бе? Сіздің балаға олай айтуға құқығыңыз жоқ. Балаға дінді ұстан деп де, ұстанба деп те айтуға хақыңыз жоқ.

Ол балаға сіз сабақ үйретіңіз, неңіз бар ораза ұстағанында? Ұстаса қабыл болсын деңіз. Дінге қарсы шықсаңыз ауру боласыз, оны біле жүріңіз.

Ата-анасы үстіңізден арыз жазса, сіз ана жұмысыңыздан шығасыз. Оразамен алыспаңыз. Тоқтаттым дегеніңіз мүлде дұрыс емес" дейді Нұрлан имам тікелей эфирде.

Нұрлан имамның бұл сөздеріне қатысты жұрт төмендегідей пікірлер білдіруде: 

 

Барлық жаңалықтар