"Орыс тілінің қадірін енді түсіндіңіз бе?!"деген Мұртаза Бұлұтайдың пікірі қызу талқыға түсті

"Орыс тілінің қадірін енді түсіндіңіз бе?!"деген Мұртаза Бұлұтайдың пікірі қызу талқыға түсті

Танымал дінтанушы, мәдениеттанушы, философия ғылымдарының докторы Мұртаза Бұлұтай Қазақстандағы орыс тілінің қолданыс аясына қатысты пікір білдіріп, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Мұртаза Бұлұтай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Қазақстан халқы 100% қазақша сайрап кетті дейік, тамаша, онымен ішкі мәселе шешілді, азаматтар бір тілде ұғынысатын халге жетті дейік.

Ал Тәжікістанмен қай тілде сөйлесеміз? Ағылшынша ма, жоқ бәріміз тәжікше үйренеміз бе, әлде «Қазақша сөйле!» деп тұрып аламыз ба? Әзірбайжанмен, Молдовамен, Украинамен, Белорусь елімен, Грузиямен қай тілде сөйлесеміз?

 Осылардың бәрінің тілін үйренеміз бе, жоқ оның бәріне «Қазақша сөйле!» деп тұрып аламыз ба? Өзбек, түрікмен ағайындармен де сондай, тек қырғыздармен тілмашсыз сөйлеп кетеміз ауызекі, ал жазуға келгенде ол да қиын.

Енді түсіндіңдер ме орыс тілінің қадірін? Міне, орыс тілімен 300-350 млн аудиторияға шыға аласыз, сондықтан оны білгеннің пайдасы зор бауырлар..."деп жазды. 

Мұртаза Бұлұтайдың бұл жазбасына қатысты қолдаудан гөрі, қарсы пікір жазып жатқандар көп. 

Барлық жаңалықтар