"Осы балалардың обалы - білім саласына!"деген блогер жан айқайын жеткізді

"Осы балалардың обалы - білім саласына!"деген блогер жан айқайын жеткізді

Танымал блогер Мөлдір Анарбай білім саласындағы кезекті келеңсіздікті сөз етіп, ата-аналарға балалардың денсаулығын сақтауды ескертті деп жазады Democrat.kz.

ҰБТ деген пәле болды. Мектеп бітіретін баласы барлар біледі. "ҰБТға дайындық. Ойбай ол бала дайындалып жатыр" деп әлгі баланы компьютердің алдына отырғызып қояды.

Ол бала басы қазандай болып, таңнан кешке дейін тестке дайындалып, стресс пен депрессияға түсіп жатқанынан хабарыңыз бар ма? Үнсіз ғана дайындалып, іштей стресске түсіп отыр.

"Әкем мен шешемнің ақшасы кетіп жатыр ғой, не болар екен", "тесттен қанша балл алам" деп іштей қобалжып, депрессияға түсіп отырған бала аз емес.

Осындай стресс алған балалар денсаулығынан айырылуда. Қайдағы бір сұрақты жыл бойы жаттап бала отыр. Білім деген осы ма? Қанша баланы осылай ауру еттік? 

Бізге ең бастысы дені сау бала керек! Сол үшін оларды қатты қинамаңыздар! Бұл да бір алдағы уақытта жөнін табар… Осы балалардың обалы білім саласына!

Бастарын қазандай қылған, денсаулығын бұзған, миын атала қылған, өмірін бір жылға тоқтқан обалы сендерге! Балаларға ұрыспаңыздар! Бағы жансын!" Дейді блогер. 

Барлық жаңалықтар