"Өз денеме қарап тұрдым": Айгүл Иманбаева басынан өткен сұмдықты айтты

"Өз денеме қарап тұрдым": Айгүл Иманбаева басынан өткен сұмдықты айтты

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзіне қатысты, денсаулығына қатысты және басынан өткен тылсым оқиға туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Айгүл Иманбаева кезекті бір сұхбатында: "Иә, "лунатикпін", қазақша айкезбе дейді ғой. Бұл бала кезімнен келе жатқан ауру ма, ерекшелік пе білмеймін бірақ әлі бар менде ол.

Бұрын тұрып төсегімнен, далаға шығып кететінмін. Қар болсын, жаңбыр болсын есікті ашып кете беретінмін.

Жалпы өмірімде тылсыммен байланысты сәттер өте көп болды. Тылсымға сенбесеңіз құдай өзі сендіреді. Енді қазір медресеге барып, имамдармен ақылдасып жүрмін.

Бұрын мысалы, Алматыға көлікпен қайтып бара жатқанымда достарыммен, жолдың шетіне тоқтап ұйықтап аламыз деп шештік.

Түнде есікті біреу қақты. Қарасам мүйізі бар бір құбыжық. Есікті аш дейді, ашпаймын десем өзі кіріп кетті. Бір кезде мен өзімнің ұйықтап жатқан денеме қарап тұр екем.

Осындай тылсымдар өмірімде көп болған"дейді. 

Барлық жаңалықтар