Таяуда ғана "балаларым қысым жасайды" деп құқық қорғаушылардан көмек сұраған Жетісу облысының тұрғыны Бақытбектің әйелі мәлімдеме жасап, оның өтірік айтқанын әшкереледі деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, таяуда жетісулық ақытек атты кісі балалары ақша сұрап, ақша бермесе, қылғындырып, қинап, тіпті аязды күні айдалаға апарып тастайтынын айтып, құқыққорғаушылардан көмек сұрағанын жазған едік. ("Балаларым қылғындырып, зәбір көрсетеді!"деген кісі көмек сұрады)
Алайда Бақытбек мырзаның әйелі оның айтқандары шындыққа жанаспайтынын айтып: "Өтірік айтып отыр. Балалары оған себепсіз тиіспейді.
Мен Бақытбектің некелі әйелімін. Бақытбек балаларым сабайды деп өтірік айтып отыр. Балалардың оған рніші бары рас. Себебі Бақытбек өзінің туған құдағиына үйленген.
Балалар содан намыстанып, оған реніштерін білдіріп, сөйлейтіні рас. Өзінің туған құдағиына үйленген адамды кім сыйласын", деп, әлеуметтік желіде өтірік айтқан күйеуінің бүкіл айыбын ашты.