Қоғам белсендісі, "пайғамбарды түсінде 25 рет көрдім" деп, жұртқа танылған блогер Назерке Бас мүфтиге сауал қойып, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Блогер Назерке өзінің әлеуметтік желісінде соңғы уақытта қоғамда қатты талқыланып жатқан "мұсылманның және мұсылман еместің зираты" деген мәселеге қатысты пікір білдіріп, Бас мүфтиге үндеу жасады.
"ҰҚК, ҚМБД өкілдері, қашаннан бері өлген кісіні мұсылманның зиратына жатқызу, жатқызбауды имамдар шешетін болған?
Біз енді не істейміз? Осыған дейін өмірден өтіп кеткен аталарымыз бен бабаларымыздың зираттарын қопарып, "қайсысы намаз оқыды, қайсысы намаз оқымады" деп ақтарып, шығамыз ба, не істейміз?
Мыналарды билік өкілдері арасында тоқтататын адам бар ма, жоқ па? Мүфтият, мынадай пәтуаға қалай ол беріп отырсыздар?
Бұл ұлтараздықты, дін араздықты қоздыру емес пе? Ұят қайда? Жердің бетінде жүрген екі қазақ жерге таласып...Өлуге қорқатын болдық қой!?
Мұсылмандар бірінің етін бірі жеп жатыр. Дінсіздермен қырылып тағы байбалам салуда. Өз отбасыларында ешкімге сөзін өткізе алмайтындар діншіл болып, әлеуметтік желіде пәтуа бергіш болуда.
Мына мәселені тоқтатыңыздар! Әйтпесе жағдай ушығып кетуі мүмкін", деген блогер тиісті мекеме басшыларына сұрау салды.