"Астана Петропавл" бағытындағы пойыздың ішінде оқыс оқиға болды. Пойыз жолаушысы дәретхананы қолданар кезде унитаз ішіндегі нәжістер сыртқа атылған деп хабарлайды Democrat.kz.
Оқиға Тайынша – Смирново аралығындағы қозғалыс кезінде болған. Әлеуметтік желілерде хабарланғандай, қыз дәретхананы пайдалану үшін кабинаға кірген, сол кезде дәретхананың ішіндегісі нәжістер төбеге, қабырғаларға және өзіне шашыраған.
ҚТЖ мәселе бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
⠀
"Жарылыс" дәретхананы пайдалану ережелерін өрескел бұзуға байланысты болды. Жолаушылар оған пластик пен тамақ қалдықтарын лақтырып жіберген, соның салдарынан вагонның санитарлық-техникалық жүйесі бітеліп қалды.
⠀
Оқиға фактісі бойынша пойыз бригадасының іс — әрекеттеріне қызметтік тергеу жүргізілді: вагонның санитарлық жағдайын тиісінше бақыламағаны үшін пойыз бастығы жұмыстан босатылды, учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.