Президент төрт әкіммен тілдесті: Төрт әкімге тықыр таяды ма?

Президент төрт әкіммен тілдесті: Төрт әкімге тықыр таяды ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының және Ұлытау облысының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті.
Серік Шәпкенов, Ербол Қарашүкеев, Нұрдәулет Қилыбай және Дастан Рысбеков Президентке өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, алдағы кезеңге арналған жоспарлар және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді деп жазады Democrat.kz.

Есептерді тыңдаған Тоқаев өңірлерді одан әрі дамыту түбегейлі жаңа тәсілдерді талап ететінін атап өтті.

Жаңа талаптар аясында Президент облыстардың экономикалық әлеуетін нығайту және азаматтардың мүдделеріне тікелей әсер ететін әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. 

Президент балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, балаларды оңалту орталықтарының, емханалар мен ауруханалардың құрылысын жеделдету міндетін жүктеді.

 Сондай-ақ «Таза Қазақстан» қоғамдық-саяси акциясы аясында ауқымды жұмыс жүргізу аса маңызды екенін атап айтты. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтармен ұдайы байланыста болып, туындаған түйткілдерді уақтылы шешу қажеттігіне айрықша назар аударды. Бұдан бөлек, өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді. 

Біздің ойымызша, Мемлекет басшысының бұл дипломатиялық мәлімдемесінің артында әкімдердің қазіргі жұмысын қатаң сынау жатыр бұл Ақорданы өңірлерді басқарудың бұрынғы әдістері мен даму қарқыны енді қанағаттандырмайтынының нақты белгісі іспетті деп жазады kerekemes.kz. парақшасы. 

Осы жазбаға қатысты жұрт қызу талқылап, әркім өз әкімдерінің жетістігі мен кемшілігін айтып, пікір білдіруде. 

Барлық жаңалықтар