Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді деп жазады Democrat.kz.

"Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады. " деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Бұған дейін Премьер-Министр Олжас Бектенов кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша олардың ұсыныстарын тыңдаған болатын.

Барлық жаңалықтар